• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1128

310 рет
көрсетілді

2013 жылғы 22 қазан                            Астана, Үкімет Үйі

«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 22 қазан                            Астана, Үкімет Үйі

«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 200-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар