Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, Мемлекет басшысы қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Сонымен қатар, ресми кездесу барысында Дархан Қыдырәлі жаңа Президентке Академияның қырғыз еліне қатысты атқарған іс-шаралары жөнінде айтып, алдағы жоспарлары туралы баяндады.Айта кету керек, Қырғыз Президентімен кездесуге Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, Халықаралық Түркі академиясының, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Еуропалық Одақ, АӨСШК, ТМД Атқарушы комитетінің ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының және Еуразиялық даму банкінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Түркі академиясы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын» атты алқалы жиын өткізгені туралы жазған болатынбыз.