• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Ақпарат министрі: Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты міндет

122 рет
көрсетілді

Бүгінгі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Аида Балаева еліміздің шекара маңындағы аумақтарда хабар тарату желісін дамыту жұмыстарын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Биыл біздің алдымызда жүзеге асырылатын маңызды міндеттер тұр. Оның ішінде ең бастыларының бірі – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық-идеологиялық жұмыстар», деді министр А.Балаева 

Оның айтуынша, шекара маңындағы аумақтар бойынша тиісті жұмыстар басталды. Осыған дейін бұл тақырып өзекті болған еді.

«Шекара маңындағы аумақтарда мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Радиожиіліктерге тиісті конкурс жарияланды. Басымдықты тәртіпте ақпараттық-аналитикалық бағыттағы бағдарламалар қаралатыны түсінікті», деді ведомство басшысы.