• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2021

Сапалы қоғамдық сананың қалыптасуы – рухы биік азаматтарға байланысты

329 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өз кезегінде, сапалы қоғамдық сананың қалыптасуы – рухы биік азаматтарға, мәдениетті де білімді әлеуметке байланысты. Бұл ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – Елбасының ұлттық сананы жаңғырту принциптері мен Мемлекет басшысының Абайша түйген «Толық адам» концепциясы негізіндегі елдің болашағы», деді А. Балаева министрліктің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол бұл бағытта жоспарланып отырған қадамды атап өтті.

«Ал бұл болашақ бүгінгі ұрпақтан басталады. Сондықтан да, біз «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыты ретінде – бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәрбиелеудің маңызы ерекше екендігін атап өтеміз. Осы орайда, қазіргі таңда барлық қызығушы тараптардың қатысуымен әзірленген мeктeпкe дeйiнгі жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-адaмгepшiлiкке тәpбиeлeу стратегиясын алдағы Ұлттық комиссия отырысына шығарып, іске асыруға барлық күш-жігерімізді саламыз», деді министр.