• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1190

447 рет
көрсетілді

2013 жылғы 8 қараша Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 8 қараша Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы №1237 қаулы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

6), 77) және 237) тармақшалар алынып тасталсын;

243) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«243) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;

17-тармақтың 52), 170), 172) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«52) энергия үнемдеудің нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;»;

«170) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;

«172) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар