• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Ералы Тоғжанов Ақпарат министрлігінің жылдық жұмысына оң баға берді

594 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2020 жылы коронавирустың таралуы кезеңінде Ақпарат министрлігінің жұмысы айрықша болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ералы Тоғжанов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырсында: «Әсіресе, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру ең алдымен министрліктің тікелей қызметіне байланысты. Дер кезінде халыққа жеткізе білу, халыққа түсіндіре білу маңызды. Осы орайда қиын жағдайда ештеңе жасырылған жоқ, барлығы елге жарияланды», деп айтып өтті.

Осы орайда Ералы Тоғжанов аталған министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

«Ақпарат саласында жұмыс істейтін барлық азаматтарға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Қиын жағдайда бірде-бір азамат кейін тартпады. Осы кезеңде ешқайсысы басын бұғып қалмады, тікелей атсалысты», деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары волонтерлік бағытта көптеген іс-шараның атқарылып жатқанын баса айтты.

«Осыған орай Президенттің тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді, сондықтан осыны іске асыратын боламыз», деді Ералы Тоғжанов. 

Еске сала кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқалы отырысы өтті.