Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 73 жастағы зейнеткер 13 қаңтар күні өзінің 250 000 теңге тұратын құндыз тонын бір әйелдің алдап алғаны жөнінде арыз түсірген, деп хабарлайдыEgemen.kz.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 37 жастағы, бұрын сотты болған облыс тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.