• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Оңтүстікте банк тоналды

392 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Халық банкі бөлімшесінен 63 млн. 28 мың теңге қолды болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Қылмыскерлер банк бөлімшесінің терезесінен кіріп, ақша тұрған бөлмені бұзып кірген. Ал осы кезде ондағы күзетші ұйықтап қалған көрінеді. Сол себепті ешқандай дыбыс естімеген. «Жақын арада бұқаралық ақпарат құралында Шарада ауданындағы Халық банкі бөлімшесінің жетекшісі мен ондағы күзетшінің ұсталғаны туралы айтылды. Бұл тұста тек күзетшінің ғана жауапқа тартылғанын ескерткім келеді. Оны қамауға алу жөнінде шешім қабылданды»,- дейді Шардара ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиев.

Қазір бұл банк төңірегінде әртүрлі әңгіме айтылуда. Ал құқық қорғау қызметкерлері басты күдікті ретінде күзетшіге күмән келтіріп отыр. Бұл іс бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Анығы, сол күні банк бөлімшесін күзеткен азамат жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Бұл жөнінде бірқатар басылымдар құқық қорғау қызметкерлерінің пікірін дәлел ретінде жариялады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз Otyrar.kz:

Фото: «Новый регион-2»

Соңғы жаңалықтар