АҚШ президенті Барак Обама Сочидегі Олимпия ойындарына қатысатын ресми делегация құрамын атап өтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Барак Обама мен оның жұбайы, сондай-ақ вице-президент те Сочиге баратын АҚШ делегациясы құрамына кірген жоқ. Барак Обама мұның себебін жұмыс кестесінің тығыздығымен түсіндірді. «Президент АҚШ спортшыларын мақтан тұтады және оларға Вашингтоннан жанкүйер болып, қолдау көрсетеді», – деп жазылды Ақ үйдің хабарламасында.
Сочидегі Олимпия ойындарының ашылу салтанатында АҚШ делегациясын басқару ішкі қауіпсіздік министрі Джанет Наполитаноға тапсырылды. Онымен қатар, салтанатты шараға президенттің көмекшісі Роберт Нейборс, Ресейдегі АҚШ елшісі Майкл Макфол, теннисші Билли Джин Кинг пен мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындарының чемпионы Брайан Бойтано қатысады.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Kapital.kz