Биыл Қызылорда облысындағы «Қайсар» футбол команадасына 45 жыл. Осы аралыққа дейін қол жекізген жетістіктері де бар. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Жетістікпен қатар қордаланған түйінді түйткілдің болғаны жасырын емес. Клуб ойыншылары алдындағы қарызы салдарынан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасына қатыса алмады. Алайда, облыс әкімдігінің қолдау көрсетуі нәтижесінде бюдежеттен тыс түскен қаражаттар арқылы қарыздар толығымен өтелген. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев футболшылардың жағдайын жақсарту мақсатында автобустардың бөлінуіне де ықпал жасады. Мұнан өзге, ойыншылардың шеберлігін шыңдау мақсатында шетелдегі оқу-жаттығуға қатысуға мүмкіндік берілді.
Турнир кестесіне зер салсақ, команда жаттығу жұмыстарын жоспарға сай жүргізді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша клуб 34 ойын өткізіп, оның 23-і ұтыс, 3 ойыны ұтылыс, 8-і тең аяқталған. Жалпы, біріншілік қорытындысымен 74 ұпай жинаған «Қайсар» футбол командасы бірінші лиганың чемпионы атанды. Сондай-ақ, келер маусымдағы премьер-лигаға жолдама алды.
Бұрынғы олқылықты қайталамас үшін клубқа бөлінген қаражатқа қатаң бақылау орнатылды. Соның нәтижесінде 40 млн. теңге үнемделген. Қазіргі кезде клуб ғимаратына жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.
Фото: Vesti.kz