Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорнының электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны қызметімен танысты, сондай-ақ, өндірістік корпустарын қарап шықты. Мемлекет басшысы Қазақстанда мұндай жоғары технологиялық өндіріс құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорнының электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны қызметімен танысты, сондай-ақ, өндірістік корпустарын қарап шықты. Мемлекет басшысы Қазақстанда мұндай жоғары технологиялық өндіріс құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Бұған қоса, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов кәсіпорынды аралау барысында «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы жұмысының аралық нәтижелері туралы баяндады, онда кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады. Жалпы, парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 181 млрд. теңге болатын 49 жоба мәлім болған, оның ішінде 11 жоба табысты жұмыс істеуде, 8-і пайдалануға берілуде, ал қалған 30-ы іске асырылу үстінде.
«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын бірлескен кәсіпорны Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасы басшылығымен уағдаластығына сәйкес 2011 жылы құрылған болатын.
Бірлескен кәсіпорынға қатысушы – «Аселсан» компаниясымен Трансферт технологиясы туралы шарт аясында түрік тарапы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімдерінің компоненттері болып табылатын электрондық-оптикалық құрылғылар, электрондық платалар мен линза өндірісі үшін технологиялық құжаттар, материалдар мен жабдықтар ұсынып отыр.
Бұған қоса, бірлескен кәсіпорын өнімдерін қазақстандық қамтуды бірінші кезеңдегі 30 пайыздан таяу бес жыл ішінде 67 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.
* * *
Астанадағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын аралау барысында Мемлекет басшысы өндіріс цехтарын қарап шығып, шығарылатын өнімдер үлгілерімен танысты, сондай-ақ, кәсіпорын ұжымымен әңгімелесті.
Зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрохимиялық аффинаждау.
Ауданы 3,4 гектар болатын кәсіпорын «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан.
Аффинаж зауытының жобалық қуаты жылына 25 тонна аффинаждалған алтын өндірісіне есептелген және оның бағалы металдар электролизі бойынша отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін. Жоба осы саладағы әлемдік озық үлгілерге сәйкес әзірленген.
Зауытты алтын және күміс сувенирлік бұйымдар (зергерлік өнімдерден басқа) және техникалық мақсаттағы өнімдер өндірісін құру арқылы одан әрі дамыту қарастырылуда. Бұл химиялық, медициналық, зергерлік, автомобиль және өзге де салаларды, машина және аспап жасау кәсіпорындарын бағалы металдардан алынған бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.