• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Ақпан, 2021

Мьянмадағы төңкеріс

317 рет
көрсетілді

Мьянмада тө­тенше жағдай жа­рияланды. Ел әскері билікті бір жылға өз қолына алатынын хабарлады. БАҚ ақпараты­на сүйенсек, кеше таңертең мемлекет басшысы Вин Мин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталған.

Биліктегілерді қарашадағы Пар­ламент сайлауына араласып, сайлау нәтижесін фальсификациялады деген айыппен тұтқындаған. Ресми мәліметтер бойынша, өткен сайлауда мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи басқаратын партия үлкен басымдықпен жеңіске жеткен. Ал елдегі әскер екінші партияның тарапында, яғни Суу Кюдің Ұлттық Демократия Лигасының жағында болған. Жалпы, негізгі билік президент емес, дәл осы мемлекеттік кеңесшінің қолында дейді мьянмалықтар.

Енді генералдар төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қайтадан сайлау өткізетінін мәлімдеді. Алайда төтенше жағдай 1 жылға созылмақ. Қазір елдегі ірі көшелер мен адам көп шоғырланатын орындар – қатаң бақылауда. Ұлттық теле­ра­диокомпанияның жұмысы тоқ­та­тылып, телефон мен интернет бай­ланы­сы әлсіреген. Дегенмен, әскери телеви­зиялық жүйе жұмыс істеп тұр.

Көптеген ел мен халықаралық ұйым­дар әскерилердің бұл әрекетін сынап, тұтқындарды босату керектігін айт­қан. Мемлекеттік кеңесшінің өзі де әлеу­меттік желілерде халыққа үндеу жасап, төңкеріске қарсы шығуға үгіттеген.