• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2021

Сайлау нәтижесіне баға берілді

277 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) алаңында өткен Мәжіліс сайлауының қорытындысы мен Қазақстанның партиялық алаңының даму бағдарын талқылауға арналған онлайн-конференция өтті.

Алқалы жиынға Мәжіліс депутаттары, ғалымдар, саясат­та­нушылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Сарап­та­малық пікірталас сайлау қоры­тындыларын, сондай-ақ Мәжі­лістің жаңа құрамын бағалау, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 15 қаңтарда белгілеген өзекті күн тәртібін ескере отырып, Парламенттің жаңа құрамы жұмысының басым бағыттарын тал­қылау, белгіленген саяси ре­фор­маларды, елдің партия­лық өрісін дамытудың ықти­мал сұлбасын айқындау тақырып­та­рына арналды.

Конференцияны ашқан  ӘЭСИ сарапшысы Ерлан Мәдиев өз сөзінде «Үш партиялық Парла­мент­тің сақталуын жүйенің бел­гілі бір орнықтылығының белгі­сі және қоғамда мемлекеттік ба­ғыт­тың тұрақтылығы мен сабақ­тас­тығына сұраныстың басымдығы деп санауға болады», деп атап өтті.

Қазақстанның Халық пар­тиясының атынан сөз сөйлеген депутат Ерлан Смайлов партия қызметін трансформациялау процесі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, қоғамда әлеуметтік әділеттілікке, өмір сүру сапасын жақсартуға, ұлттық байлықты әділ бөлуге деген үлкен сұраныс болғандықтан, партияның идеологиялық негізін өзгерту, коммунистік идеологиядан бас тарту жақтаушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Nur Otan партиясы атынан сөз сөй­леген депутат Юлия Кучинс­каяның айтуынша, Парламентке, оның ішінде мәслихаттарға сай­лаудың пропорционалды жүйе бойынша өткізілуі қазіргі саяси партиялардың сапалы дамуы жолында күшті серпін болды. Оның пікірінше, аталған процес­тер нәтижесінде, партиялардың өңірлердегі жұмысы күшейтілді. Бұл тұрғыда билеуші партия үшін тізімдерді жаңартуға, партияның ішіндегі байланысты нығайтуға, оның мүшелері арасындағы диалог пен өзара әрекеттестікке мүмкіндік беретін праймериздің жүргізілуі ерекше маңызды болды.

Бірқатар сарапшының айтуынша, парламенттік оппозицияның мәр­тебесін заңнамалық тұрғы­дан бекіту Парламенттік пікір­та­­лас­тардың айтарлықтай жан­да­­н­уына ықпал ететін оң қадам болады. Осыны ескерген «Альтер­натива» өзекті зерттеулер орта­лы­ғы­ның ди­ректоры Андрей Чебо­тарев өт­кен сайлау пікірталастары ба­ры­сында билік пен Үкіметке қа­­таң сын-пікір білдірілгендіктен, оп­­по­­­зи­цияның рөліне ҚХП пар­тия­­сы көбірек сәйкес келетінін айтты.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев: «Парламентке өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету – қоғам сұранысына жауап қана емес, сонымен қатар шағын партияларға келесі Мәжіліс сай­лауына түсу үшін тіркеліп, бағын сынап көруге мүмкіндік», деп атап өтті. Оның пікірін­ше, партияларды тіркеу өлшем­шарт­тарын одан әрі ырықтандыру таяу болашақта жаңа саяси жоба­лардың пайда болуын ынталандырады.

Жалпы, сарапшылар өткен сай­лау қорытындысы елдегі пар­тиялық жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсетті деген ортақ пікірде болды.