• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Ақпан, 2021

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент берген тапсырмалар қалай орындалмақ?

121 рет
көрсетілді

Президенттің тапсырмалары аясында 3 ұлттық жоба және 5 кешенді жоспар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономикалық белсенділікті қалпына келтіру, инвестициялар тарту және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. 7 негізгі бағыт айқындалды. Бұл: экономикалық белсенділікті қолдау, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жүйелік және салалық саясатты қайта реттеу, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін дамыту», деді министр.

Оның айтуынша, жалпы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент 68 тапсырма берген.

«Осы тапсырмаларды іске асыру аясында 3 заңнамалық акті қабылданады. Бұл: дербес деректер және оларды қорғау туралы, бәсекелестік мәселелері жөніндегі заңдар, сондай-ақ жер кодексіне менгізілетін өзгерістер. Сонымен қатар үш ұлттық жобаны бекіту көзделіп отыр. Бұл: агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су ресурстарын басқару және 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» жобалары. Бұған қоса, 5 кешенді жоспар әзірленеді. Бұл: шекаралардағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, келісімшарттармен реттелетін сатып алулар арқылы өндірістерді құру және кеңейту, 2025 жылға дейінгі Екібастұз қаласын дамыту, азаматтарды вациналау және мектепке дейінгі білім беруді дамыту бойынша шаралар», деді Әсет Ерғалиев.