Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның есепті жиынында жергілікті тұрғындар Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан Шоқай елдімекенінде 150 орындық мектеп салып беруді сұрады, деп хабарлайды Еgemen.kz
Аталған ұсыныс қолдау тапқанымен, алайда сметаны қайта қарау керек екен. Себебі, құжат бойынша шағын білім беру нысанының жобалық құны 830 миллион теңгені құрап отыр. Мұның өз кезегінде сұрақ туындатпай қоймайтыны айтылды.
Сондай-ақ, Бірлесу-Еңбек ауылына да балабақша керек екен. Жиында бұл мәселенің де шешімі табылып, жөндеуден өткізілген соң ескі мектеп ғимаратында мектепке дейінгі мекеме ашылатын болды. Ал, Шоқай ауылында демеушілер есебінен ауылдық клуб салынады. Енді аталған мәселелер қаншалықты оң шешім табатынын алдағы уақыт көрсетеді.