• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Ақпан, 2021

Бейжіңде құс тұмауынан жабайы аққулар қырылып жатыр

432 рет
көрсетілді

Өткен дүйсенбіде Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі Бейжіңнің солтүстік-батыс шетінде орналасқан жазғы император сарайында H5N8 вирусынан туындаған құс тұмауының өршуі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Белгілі болғандай, вирус салдарынан үш аққу мен тағы басқа құстар қырылған. Бейжіңде соңғы үш ай ішінде жабайы аққулардың жоғары патогенді H5N8 құс тұмауы тіркелген үшінші орын деп танылды. Осыған дейін аталған жағдай Шаньси және Шаньдун провинцияларында орын алған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, H5N8 құс тұмауының адамға берілуі мүмкін екендігі туралы әзірге ешқандай дәлел жоқ.

Айта кетсек, барлық өлген аққу тиісті түрде жерленіп, іргелес аумақта дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ