• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2021

Биылдан бастап республиканың барлық аумағында ғарыштық мониторинг қолданылады

141 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2019 жылдың соңында ғарыштық мониторингті қолданудың заңнамалық базасы қалыптастырылды, 2020 жылдың басында пилоттық жоба 4 облыста (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстары) іске қосылды.

Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 8,3 млн гектар алаңдағы ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде 7,6 млн гектар жайылым, шамамен 700 мың гектар басқа санаттағы жерлер анықталды.

«Көрсетілген облыстардың әкімдіктері пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қоюды тездетуі және олардың ауыл шаруашылығы айналымына тартылуын қамтамасыз етуі қажет», — деді С. Омаров.

Биылғы қаңтардан бастап республиканың барлық аумағында ғарыштық мониторинг қолданылады.Сондай-ақ, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту, ғарыштық мониторинг деректері негізінде оларды сот тәртібімен қайтару, хабарламаны қағаз жеткізгіштен SMS-хабарлама арқылы электрондық жеткізгішпен тапсыруға көшіру жөніндегі заң жобасы әзірленді, оны қазіргі уақытта Үкімет пысықтауда.

«Осылайша, қолда жерлерді алып қою тетіктері бар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жергілікті атқарушы органдар жергілікті жерлерде оларды барынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдауы қажет», — деді С. Омаров.

Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге 2016 жылы енгізілген мораторий мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы Жер комиссиясын құрып, қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер қабылдауды тапсырды.«Жер мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құру жұмысы басталып кетті, оған барлық мүдделі тараптар, оның ішінде Мәжіліс пен Сенат депутаттары, агробизнестің, одақтар мен қауымдастықтардың, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстар әкімдіктерінің өкілдері және басқалар кіреді», — деді С. Омаров.