• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2021

Зейнетақы жинағын алу өтінімін бір апта ішінде редакциялауға болады

381 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы өтінімінің күшін жоя алады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазір біз өз клиенттеріміздің ескертулерін есепке ала отырып, порталымыздың жұмысына тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Бірінші кезекте өте жиі түсетін өтініш - өтінімді редакциялау мүмкіндігін беру. Яғни, алдымен адам несиені төлеу туралы өтініш білдіріп алып, кейін жаңа пәтерді ипотекаға сатып алғысы келетін жағдайлар бар. Ал қазірдің өзінде арнайы шотқа ақшасы аударылып қойды делік. Менің ойымша, бір аптаның ішінде өтінім берушілер үшін өтінімді редакциялау мүмкіндігі беріледі», деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша азаматтар тіпті берген өтінімінің күшін жоя да алады.

«Көбісі ақша бар екеніне көз жеткізіп, операцияларды жыл соңына дейін жүргізу туралы шешім қабылдап жатыр. Мұндай мүмкіндік те пайда болады. Адамдар порталды кеңінен қолдана бастаған кезде туыстарымен ақылдаса бастады. Зейнетақы төлемдерін біріктіру мүмкіндігі де пайда болды. Сондықтан жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат беретін біздің банктің қызметкерлері әлеуметтік желіні қадағалап отыр», деді Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. 23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.