• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2021

Мұрат Әйтенов жолайрық құрылысының барысымен танысты

153 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлк жолайрығының құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Нысанның ұзындығы Қонаев даңғылы бойынша 1 шақырым, Рысқұлов көшесі бойынша 0,7 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда мұнда 3,3 шақырым су, газ құбырларының орнын ауыстыру, төннел қазу, 60 метр тіреу қабырғаларын құю, 7 бағана орнату және 75 қада құю жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар, аталған жолайрығында жер асты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстарды көріп, сала басшысына көлік кептелісі секілді қолайсыздықтар шешімін табу үшін нысанның құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды.