• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Ақпан, 2021

Елордада дзюдо орталығы ашылды

222 рет
көрсетілді

Бүгін «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау Орталығында Дзюдо орталығының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров және «Нұр-Сұлтан» ОДО» директорынының міндетін атқарушы Қыпшақбаев Мұратбек Сұлтанбекұлы қатысты.

Қайрат Пернешұлының алғысөзінен кейін жас дзюдо шеберлері жаттықтырушы Сергей Пактың басшылығымен аз уақыт аралығында игерген өнерлерін көрсетті.

Жапон жекпе-жегіне деген қызығушылық өте жоғары. Осыны ескерген олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы оның ауқымын кеңейтіп, барлық қатысушыға жайлы жағдай жасауға тырысты. Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метрді құрайды. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал, орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.

Айта кетейік, «Сарыарқа» велотрегі жанындағы Дзюдо орталығы 2020 жылдың қарашасынан  жұмыс істеп келеді. Қазір онда 120-дан аса адам жаттығып жүр. Қазір дайындық жұмыстары аптасына 6 күн өтеді. 2 бапкер бар. Санитарлық талаптар қатаң сақталған.