• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Ақпан, 2021

KAZ Minerals 2020 жылы 306 мың тонна мыс өндірді

216 рет
көрсетілді

2020 жылы компания 306 мың тонна мыс, ал ілеспе өнім ретінде - 196 мың унция алтын, 3,374 млн унция күміс және 50 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

KAZ Minerals - Қазақстанда, Ресейде және Қырғызстанда карьер үлгісіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мыс өндіретін кәсіпорын. 

Компаниялар тобы қызметін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ашық үлгідегі кеніштерде, Шығыс Қазақстандағы үш кеніште және тиісті байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

KAZ Minerals PLC акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында саудаланады. Компанияда 16 мыңға жуық адам жұмыс істейді және олар - негізінен Қазақстан азаматтары.