• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2021

Алматы - Бішкек тас жолында бала жетектеген әйелді көлік қағып мерт қылды

344 рет
көрсетілді

Көлік жүргізуші Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жасар баламен оның анасын қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайғылы оқиға 1 ақпан күні кешке болған. Адам өліміне алып келген жол апаты туралы хабарлама Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне түсті. «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі, Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Сауыншы ауылының маңында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 52 жастағы әйел мен оның 8 жасар баласын қағып кетті.

Екеуі де алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды»,-деп хабарлады полициядан. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.