• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2021

Әкім бастап, дәрігерлер қостап...

205 рет
көрсетілді

Жылдан аса адамзатты үрей құшағында ұстаған СОVID-19 вирусына қарсы екпе жұмыстары үшінші мега­по­листе де басталды. Бұл үшін қалаға 1 мың доза вак­цина жеткізілді. Шаһардағы медицина қызметкерлері індет­ке қарсы вакциналауға белсене қатысып, көпке үлгі көрсетті.

Коронавирусқа қарсы ерік­ті түрде вакцина салу нау­қанына алғашқылардың бірі болып қала әкімі Мұрат Әй­тенов қатысты. Шаһар бас­шы­сы Шымкент қалалық №3 ем­ханада екпе алдында дәрі­герге тексеріліп, қарсы көрсет­кіш­тер анықталмаған соң, ерікті түрде екпе ектірді.

«Спутник V» вакцинасы­ның 1 мың дозасы қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылып, дүй­сен­бі таңғы сағат 06:00-де 4 ем­ханаға жеткізілді. Егу үшін қа­ла­дағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылған.

Ерікті түрде вакцина егу үшін медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылған. Со­ны­мен қатар медицина қыз­мет­керлері үшін вакциналау бойынша семинар-тренингтер өткізіліп, қажетті медицина қызметкерілерінің барлығы оқытудан өтті. Вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакциналау алдында дәрігерлер тұрғындарды мін­­детті түрде тексеруден өт­кі­­зеді. Бүгінгі таңда қалада төрт емхана базасында екпе егі­­лу­де. Қалалық №6 емхана сол төрт базаның бірі.

Бірінші кезекте емхананың 6 медициналық қызметкері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Емхана­ның бас дәрігері Айгүл Қы­лыш­баеваның хабарлауынша, пунктке таң азанымен «Спутник V» вакцинасы­ның 250 дозасы жеткізілген. Алғашқы күні бұл базадан қаладағы 4 денсаулық сақтау мекемесінен 50-ге тарта медицина қызметкері вакцина алады деп жоспарланған.

«Алдымен денсаулығымды тек­­сертіп алдым. Дене қызуым, қан қысымым барлы­ғы қа­лып­ты жағдайда болып, рұқсат етіл­ді. Жарты сағат СОVID-19-ға қар­сы екпе егуден кейінгі күту за­лын­да мамандардың ба­қы­лауын­да болдым. Қазіргі жағ­да­йым жақсы. «Ауырып ем із­д­е­генше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Қазіргі таңда ко­ро­навирустан сақтанудың бір­ден-бір жолы – осы екпе бо­лып тұр. Осы кезге дейін дерт­ке қарсы өзге де вакцина­лар­ды үзбей алып жүрдім. Сол үшін аса қорқынышты бол­ған жоқ. Өзімді, отбасымды, ай­на­ламдағы адамдарды сақ­тау­дың, қорғаудың жолы осы бол­­ған­дықтан азаматтық мін­де­тім­ді орындадым, – деді ал­ғаш бо­лып індетке қарсы екпе ектір­ген бас дәрігер Айгүл Қылышбаева.

Бүгінгі таңда қалада төрт емхана базасында екпе егілуде. Сол базаның бірі – қалалық №6 емхана. Алғашқы кезекте емхананың 6 медициналық қыз­меткері ерікті түрде коро­на­вирусқа қарсы вакцина алды. Қалалық №6 емхана базасы вакциналауға алдын ала дайындалып, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Екпе алатын медициналық қыз­меткерлер бірінші дәрігер­лік тексеруден өтіп, өз келісі­мін жазбаша қалдырады. Со­сын екпе жүргізіліп, арнайы күту залында жарты сағат дәрі­гер­лердің бақылауында бола­ды. Айта кетерлігі, меди­цина мамандары вакциналау – коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң лок­даун енгізбеудің жалғыз ба­ла­масы деген ойды ортаға салады.

 

ШЫМКЕНТ