• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2021

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі азаматтарды қабылдады

182 рет
көрсетілді

2 ақпанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн режимінде қабылдады6 деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Оралов Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары жастар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі жас отбасыларды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламаларына және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған шараларға қатысты болды. Бұдан бөлек, жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру, волонтерлікті дамыту, экологиялық жобалар және жас ғалымдарды қолдау мәселелері де көтерілді.

А.Оралов жастар мен қоғам өкілдерінен уақтылы кері байланыс алуға мүмкіндік беретін осындай онлайн кездесулерді үнемі өткізу маңызды екендігін атап өтті.