• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Павлодарлық қыз антисептик ішіп қайтыс болды

288 рет
көрсетілді

Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді.

- Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жансақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, - деді басқармада.

 2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан «Антисептик - МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

- Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 ақпан күні сағат 20:30-дан кейін қыздар жедел жәрдем шақырған, деді құзырлы мекеме мамандары.