• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Қытайға темір рудасын сатқан қарағандылық кәсіпорынның ісі әшкере болды

375 рет
көрсетілді

Қарағандылық кәсіпорын Қытайға темір рудасын заңсыз сатқан. Мекеме бұл заңсыз әрекетінен 1,1 млрд теңге болатын пайда көрген, деп жазады Egemen.kz

2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды  Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Хабарламада 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізгені айтылған.          ҚР Қаржылық мониторинг комитеті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.