• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Қызылордада 3 күнде 340 адам вакцина салдырды

185 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс орталығында 3 күн ішінде 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкерлері, қалғаны қарапайым тұрғындар.

Қалаладағы №6 қалалық емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова ерікті түрде екпе алғандардың бірі.  

«Тұрғындармен жиі қатынасқа түсетіндіктен медицина қызметкерлінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан дәрігерлердің екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы вакцинацияның арқасында көптеген дерттің алдын алуға қол жеткіздік. Бұл вакцинаның да коронавирус инфекциясының қаупін сейілтеріне сенімдімін», дейді ол.

Вакцинацияға қаладағы №1, №3 және №6 емханалардан 3 егу кабинеті дайындалған. Мамандар екпе қабылдағандар тарапынан еш шағым түспегенін айтады.