• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Ақпан, 2021

Қырғызстан басшысы: Елде премьер-министр қызметі болмайды

416 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Кабар агенттігі елде премьер-министр қызметінің өкілеттілігі тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің Telegram арнасында: «Осы уақытта жаңа Конституция мен жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Конституцияны қабылдау аясында жаңа реформалар, өзгерістер болады, тек заң негізінде тексерілген жаңа кәсіби кадрлар ғана келеді», деп жазды.

Ол сондай-ақ бір-бірінің қызметін қайталайтын министрліктердің таратылатынын хабарлады. Мемлекет басшысы бұл оқиғаға дейін кем дегенде 6 ай бар екенін, ал бұған дейін үкіметтің жұмыс істейтінін жазды.

Садыр Жапаровтың аталған міндеттерді іске асыруға уақыт қажет екенін айтып өтті.