• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Атырауда 12 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр

259 рет
көрсетілді

Атырауда тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің ақпаратына қарағанда, былтырғы наурыздан бері коронавирус инфекциясына қарсы 643 мың ПТР-тест зерттеуі жүргізіліпті.   

«Салыстырмалы түрде айтсақ, еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғары көрсеткіш. Қаңтардағы орташа тәуліктік зерттеу 3 856 тестті құрады»,  дейді Ермек Шмалиев.

Оның айтуынша, биылғы  қаңтарда жүргізілген ПТР-тест зерттеулерінің былтырғы желтоқсандағы көрсеткіштен 29%-ға артып отыр.