• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Әкімнің орнын орынбасары басты

300 рет
көрсетілді

Кеше облыс әкімдігі үйінде бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың ХХІ кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

 

Кеше облыс әкімдігі үйінде бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың ХХІ кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

Сессияда облыс әкімі­нің­ қызметіне жаңадан та­ғай­ын­далатын әкімнің кандидатурасына келісім беру туралы мәселе қаралды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысының әкімі қызметіне бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарып келген Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевты ұсынғанын жеткізді. Елбасы ұсынған кандидатты қолдап сессияға жиналған 27 депутат бір ауыздан дауыс берді.

Бұдан кейін Кәрім Мәсімов об­лыстың актив мүшелеріне Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаевтың Павлодар облысына әкім болып тағайындалғанын айтып, сөз кезегін оның өзіне ұсынды. Қ.Бозымбаев соңғы төрт жыл ішінде облыста атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, Әулиеата өңірінің меймандос халқын ешқашан ұмытпайтынын және әрқашан құрметпен есіне алып жүретінін жеткізді.

Бұдан кейін К.Мәсімов активке жиналғандарға Қазақстан Республикасы Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Жарлығын оқып, Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевтың Жамбыл облысының әкімі қыз­ме­тіне тағайындалғанын хабарлады. Елбасының Жамбыл облысына сапары кезіндегі тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді дер кезінде орындау керектігіне тоқталды.

К.Көкірекбаев Павлодар облысына әкім болып тағайындалған әріптесі Қ.Бозымбаевқа ақ жол тілеп, Елбасы тарапынан өзіне сеніп тапсырылған жауапкершілігі зор лауазымды қызметке ал­ғыс сезімін білдіріп, сенімді ақ­тайтынын жеткізді.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар