• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 05 Ақпан, 2021

Мектеп асханалары қалай жұмыс істейді?

595 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, мектептердегі асханалардың жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нақтырақ айтқанда, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізіліп отыр.

«№67 ҚР БМСД қаулысына 46-қосымшаның талаптары сақталған кезде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілсін», делінген қаулыда.

Осы қаулының орындалуын ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өзі бақыламақ.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 13 қаңтарда Бас мемлекеттік санитария дәрігері мектеп асханаларын ашу мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

«Эпидемиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу жөнінде ұсыныстар келіп жатыр», деді ол.