• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Желтоқсан, 2013

Қазақстан-Малайзия мүдделестігі

262 рет
көрсетілді

Жақында Қа­зақ­стан Республикасы Сыртқы істер ми­нистрінің бірінші орын­басары, ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Малайзияда болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Жақында Қа­зақ­стан Республикасы Сыртқы істер ми­нистрінің бірінші орын­басары, ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Малайзияда болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сапар шеңберінде Малайзия Ішкі істер министрінің орынбасары Дато Ван Жафармен, Премьер-министрдің кеңесшісі Шахризат Абдул Жалилмен, Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңестің директоры Дато Жуддин Абдул Кариммен, Сыртқы сау­даны дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорацияның директоры Дато Вонг Лай Саммен, сондай-ақ, Сыртқы істер, Индустрия және халықаралық сауда министрліктерінің өкілдерімен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік кәсіпорындары басшыларымен кездесулер өтті.

Кездесу барысында екіжақты сая­си және сауда-экономикалық ын­ты­мақтастықтың, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туризмді дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары, ЭКСПО-2017 аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жетекші технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация сапарын­дағы маңызды бағдарламаның бірі ұлттық қауіпсіздік саласында ше­каралық және көші-қон үдерістеріне бақылау жүргізетін жүйе шығаратын жетекші Малайзия компаниясы басшылығымен келіссөздер болды. Атап айтқанда, аталған жүйе мемлекеттік шекара арқылы өткен кезде төлқұжаттық бақылауды тексеру уақытын айтарлықтай қысқартуға, шетелдік азаматтардың келуіне мониторинг жүргізуді күшейтуге және электронды визалар енгізу жолымен визалық процедураларды оңтайландыруға, т.б. мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындылары бойынша, Қазақстан тарапы Малайзияның бұл саладағы тәжірибесін үйренуге қызығушылық танытып, аталған жүйені Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі пайдасына қолдану мүмкіндігін қарастыратынын білдірді.

Соңғы жаңалықтар