Қостанай облысында субсидияға бөлінген жарты миллиард теңгеге жуық қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі кезекті қылмыстың бетін ашты. Бұл жолы бір топ лауазымды тұлға аса ірі мөлшерде мемлекеттік бағдарлама ақшасын ұрлады деген күдікпен істі болды. Оларға шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан су көтеруге арналған жабдық сатып алуға бөлінген 484 млн теңгені қалтаға басты деген айып тағылды. Күдіктілерге қатысты қозғалған қылмыстық іс сотта қаралуда.