• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

Су босату басталды: Шардарадан қандай қауіп бар?

756 рет
көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тарапынан бірнеше рет «қауіпті нысан» ретінде аталған Шардара су қоймасында дәл қазір қауіп бар ма? ТЖМ өкілі жиі айтылып жүрген мәселеге нүкте қойды, деп жазады Egemen.kz

Шардара су қоймасында дәл қазір ешқандай қауіп жоқ. Журналистердің сұрағына жауап берген Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев осындай мәлімдеме жасады. «Шардара су қоймасы Су ресурстары комитетінің балансында. Нысанды күтіп ұстау бойынша бүкіл жұмыстар жоспарға сай істеліп жатыр. Қазір қауіп жоқ. Су шығару шаралары жүруде. Бәрі нормативтік деңгейде өтіп жатыр», деді вице-министр.