Атырау облысының алыстағы үш ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс істей бастады. Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің мәліметінше, Сағыз, Қаракөл, Қарабау ауылдарында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
«Өткен жылы аудандағы медициналық мекемелер екі жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтылды. Төрт дәрігер жұмысқа орналасты. Ауданда әлі 8 дәрігер жетіспейді» дейді Нұрсұлтан Бисембиев.
Оның айтуынша, қазір Қызылқоға ауданында 50 төсектік орталық аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік, 6 медициналық пункт бар. Бұл мекемелерде 41 дәрігер, 294 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.