• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Ақпан, 2021

Еңбек нарығы кәсіби мамандарға мұқтаж

384 рет
көрсетілді

Соңғы уақытта жұмыс берушілер әрбір үш үміткердің екеуінен біліктілік (квалификация) талап ете бастаған. Заманауи модернизация және ұдайы өсіп келе жатқан экономикалық сұранысты қамтамасыз ете алу үшін біліктілігі жоғары кадрларды дайындау аса маңызды дейді сарапшылар.

Қазақстанда төмен біліктілікке ие жұмыс орындары азайып, жоғары деңгейлі мамандарға деген сұраныс артқан. Finprom.kz дерегі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-қазан аралығында электронды биржада 784 мың вакансия орналастырылса, соның 66 пайызы біліктіліктің болуын талап еткен. Әсіресе, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, ақпарат және байланыс, салаларында жұмыс берушілер 10 үміткердің 9-ынан біліктілік сұраған. Өңірлер бөлінісі бойынша Қостанай (вакансияның 80 пайызы біліктілік талап еткен) облысында, Нұр-Сұлтан (79 пайыз) және Алматы (77 пайыз) қалаларында білім-білігі жоғары мамандарға деген сұраныс күшті болып тұр.

Қазақстан адам капиталын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Білім саласын салынған инвестиция бір жылда 42,2 пайызға өсіп, 301,6 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар экономиканың 9 саласын қамтитын жаңа мамандықтар атласы құрылды.