• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Ақпан, 2021

Құс өсірушілер одағының президенті жұмыртқаның қымбаттау себебін айтты

293 рет
көрсетілді

Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті құс тұмауының таралуы салдарынан өндіріс құлдырап, салада бағаның өскенін айтады, деп жазады Egemen.kz

Оның пікірінше, бағаның өсуіне делдалдар жауап береді. Олар өнімнің бағасы 30%-дан 50%-ға дейін өсірген.  Сонымен қатар, құс өсірушілердің өздері де отандық асыл тұқымды базаның жоғынан осындай мәселемен бетпе-бет келіп отыр.

Жыл өткен сайын елге жеткізілген тауықтар фермерлерге қымбатқа түсіп жатыр. Қазақстан құс өсірушілер одағы көптеген кәсіпорын өндірісті кеңейтуге ғана емес, тіпті жем-шөп сатып алуға да айналым қаражаты жетпейтінін айтады. Себебі, жем-шөп жарты жылда төрттен бірге қымбаттаған. 2020 жылы елімізде 5 миллиард жұмыртқа өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз. 

Өңірлер арасында жұмыртқа өндірісі бойынша Алматы (994,8 миллион дана, бір жыл ішінде минус 5,8%), Ақмола (804,4 миллион дана, минус 6,5%) және Қарағанды (664,3 миллион дана, минус 11,2%) облыстары көш бастап тұр.  Бұл аймақтардағы ірі өндірушілер – «Алсад Казахстан» ЖШС, «Алматы құс фабрикасы Сұңқар» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС және тағы басқалары. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұраныстың (экспорт пен ішкі нарықта сату) 96,6%-ын қамтамасыз еткен.

Бұл ретте экспорттың үлесі - 4,2%. Өткен жылы бұл көрсеткіш 30,4% болған еді. 204,9 миллион жұмыртқа сыртқы нарыққа жіберілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 есе аз. Толық емес жыл ішінде ішкі нарықта 4,7 миллиард жұмыртқа сатылды, жылдық өсім - 25,7%. Орташа есеппен әрбір қазақстандық 3 күнде екі жұмыртқадан, яғни күніне бір жұмыртқадан аз тұтынады.