• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2021

Билл Гейтс адамзатқа төнген жаңа қауіп туралы айтты

216 рет
көрсетілді

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы мультимиллиардер Veritasium YouTube-каналына берген сұхбатында айтты. Гейтстің айтуынша, жылуға байланысты табиғи апаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын артып жатыр.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы биотерроризмнің де зор қауіп екенін айтты.

«Коронавирус пандемиясы кезіндегіге қарағанда қайтыс болғандар саны көп болады. Адамзатқа елеулі зиян келтіргісі келетін адам соңы өлімге әкелетін вирус әзірлеуі мүмкін», дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, бұған Гейтстің коронавирус пандемиясына қатысы бар деген қауесет тараған болатын. Кәсіпкер оған қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, вакцинация туралы жалған фактілердің таралуы COVID-19 эпидемиясын ұзартуы мүмкін.