• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2013

Оңтүстік Суданда БҰҰ базасына шабуыл жасалды

260 рет
көрсетілді

Оңтүстік Суданда Біріккен Ұлттар Ұйымының базасына шабуыл жасалды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

БҰҰ Оңтүстік Суданның Джонглей штатындағы екі базасын қауіпсіз аймаққа көшірді. Себебі оның біріне жақында 2 мың ереуілші шабуыл жасаған болатын. Қақтығыс салдарынан 13 адам қаза болды.

Соңғы кездері Оңтүстік Суданда президент Сальваторе Киир мен бұрынғы вице-президент Риек Машардың жақтастары арасында жағдай шиеленісіп кеткен еді. Бұлар өзара жауласқан екі топқа жататындықтан мұның арты этникалық қақтығысқа ұласуы мүмкін деген қауіп бар. Бүгінге дейін Оңтүстік Суданда орын алған қақтығыстардан 500-ден аса адам қаза тапты. Сондай-ақ адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін Оңтүстік Судан аумағына келіп жатқан АҚШ тікұшақтары үнемі шабуылға ұшырауда.

БҰҰ аймақтағы өзге елдерде орналасқан техника мен басқа да ресурстарын Оңтүстік Суданға кіргізуде. Бұл жөнінде Манилада өткен баспасөз конференциясында халықаралық ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді. «Оңтүстік Судандағы БҰҰ базаларында 40 мыңға жуық адам бассауғалап жатыр. БҰҰ ең біріншіден, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне басымдық береді» – деді ол.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com 

Соңғы жаңалықтар