• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2021

Brent маркалы мұнай бағасы 60 доллардан асты

409 рет
көрсетілді

Мұнай бағасы 2020 жылдың қаңтарынан бері алғаш 60 долларлық межеге жетті. Сарапшылар Қытай экономкиасының өсімі сұраныстың негізгі нарық қозғаушысы болып қала беретінін айтып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 60 доллардан асып, 60,05 долларға дейін көтерілді. 2020 жылдың 29 қаңтарында ғана 60 доллардан асқан болатын. Наурызда жеткізілетін WTI шикі мұнайының фьючерстері 1,19% – 57,53 долларға дейін өсті.

5 ақпандағы жағдай бойынша Қытай порттарына 127 танкер (алты айдағы ең көп саны) жіберілді, олар жалпы 250 миллион баррельден астам мұнай тасымалдады.

Соңғы рет Қытай WTI бағасының теріс деңгейге түсуіне аз уақыт қалғанда мұнайды көптеп сатып алғанын айтқан болатын. Сарапшылар алдағы уақытта мұнай бағасы бұрынғы қалыпқа түспейтінін, қазіргі баға уақытша құбылыс болуы мүмкін екенін айтып жатыр. Қытай мен АҚШ алдағы уақытта мұнайға деген қажеттіліктерін өзінің резервері арқылы өтеуі мүмкін екенін де айтып жатыр. Демек, Қытай экономикасының өсімі мұнай бағасына тек жанама түрде ғана әсер етуі әбден мүмкін.   

Royal Dutch Shell компаниясының атқарушы директоры Бен ван Барден өткен аптада Қытайға мұнай сату қалыпқа түсіп келе жатқанын айтты.

«Өндіріс шектеулі болған кезде мұнайға сұраныстың артуының жалпы көрінісі бағаны өсірудің айқын әлеуеті бар екенін көрсетеді», дейді Сиднейдегі CMC Markets Asia Pacific сарапшысы Майкл Маккарти.

ОПЕК+ елдері арасындағы тәртіп – бұл нарықтың қалпына келуін қолдайтын негізгі фактор екенін ссарапшылардың бәрі айтады.

Мұнай саудагерлері Витол мен Гунвор өз болжамдарына сақтықпен қарайды. Жаппай вакцинациядан кейін трейдерлер нарықтың келешегін бағалауда «алға ұмтылуда», деді Vitol компаниясының Азиядағы операциялар бөлімінің бастығы Майк Мюллер өткен жексенбіде Gulf Intelligence сайтына.

Gunvor компаниясының бас атқарушы директоры Торбьорн Торнквист мұнай бағасының барреліне 60 доллардан жоғарылауы екіталай деп санайды, өйткені мұндай бағамен көптеген өндірушілер өндірісті ұлғайта бастайды.

«Өндіріс шектеулі болған кезде мұнайға сұраныстың артуының жалпы көрінісі бағаны өсірудің айқын әлеуеті бар екенін көрсетеді», дейді Сиднейдегі CMC Markets Asia Pacific сарапшысы Майкл Маккарти.

Жаппай вакцинациядан кейін трейдерлер нарықтың келешегін бағалауда «алға ұмтылуда», деді Vitol компаниясының Азиядағы операциялар бөлімінің бастығы Майк Мюллер өткен жексенбіде Gulf Intelligence сайтына. Gunvor компаниясының бас атқарушы директоры Торбьорн Торнквист мұнай бағасының барреліне 60 доллардан жоғарылауы екіталай деп санайды, өйткені мұндай бағамен көптеген өндірушілер өндірісті ұлғайта бастайды.