• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Қызылорда облысында 520 адам вакцина салдырды

137 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында ақпан айының басынан бері 520 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Олардың арасында медицина қызметкерлері, екпе салдыруға ниет білдірген тұрғындар бар. Алғашқы аптада 460 адам екпе салдырса, 8 ақпанда аталған адамдардың қатарын тағы 60 адам толықтырды.

«Қазір әлемді дүрбелеңге салған қатерлі індетті қалай тоқтатуға болады? Бұл орайда вакцинаның орасан зор пайдасы бар екенін білемін. Мен екпе алуға шешім қабылдап, дәрігерлер қадағалауынан өттім. Жауапты мамандар қан қысымымды тексерді. Қандағы оттегі құрамын бақылады. Ешқандай қарсы көрсеткіш байқалған жоқ. Осыдан кейін маған «Спутник V» вакцинасы салынды. Алғашқы күні кешке қарай сәл әлсіздік байқалды. Көп ұзамай ол байқалмай кетті. Уақыт өте келе барлығы өз қалпына түсті. Қазіргі көңіл-күйім ерекше. Сондықтан барлық қазақстандықтарды вакцина алуға шақырамын», деді облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Олег Ким.