• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Індеттің алдын алуда барлық мәселе ескерілуі тиіс

174 рет
көрсетілді

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Отырыста аудандық санитартиялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабит Сарқұлов қазір ауданда 6 науқастың анықталғанын баяндады.

Аудан басшысы ауданда карантиндік шараларды қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын қадағалап, үнемі бақылауда ұстап отыруды және қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, дәріханаларда бар дәрілердің тізімін жасақтау қажеттігін де айтып өтті.

Сонымен бірге тиісті мамандарға ауданда құрылған мобильді топпен бірге мекемелерді, кәсіпкерлік нысандарды, сауда үйлерін аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ауданаралық аурухана бас дәрігері Бақытгүл Әлішева жұқпалы аурудың балалар арасында кең таралу қаупі бар екенін айтып, барынша сақтанып жүру қажетігін ескертті.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.