Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 10 мен 14 ақпан күндері аралығында «Жасөспірім және көше» жедел профилактикалық шарасы өтеді.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы топтық төбелесті болдырмау, суық қару тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алуды көздеген шара аясында кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сатқандарды, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды да анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, ата-аналарды, мұғалімдерді, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерін, еріктілерді тарта отырып, кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.