• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Қызылордада ауыл мешіттеріне жұма намазын оқуға рұқсат берілді

169 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Ондағы басты жаңалық ауылдық жерлерде жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр. Бірақ адам саны 150-ден аспауы қажет. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы асхана қызметіне рұқсат берілді.

- Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат етілді. Басты талап - тамақтану орнында келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Арақашықтықтың сақталуы, бетперде талап етіледі, - деді облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Қазір облыс «жасыл» аймақта. Карантин талаптары бірте-бірте жеңілдеп келеді. Дегенмен де,. арнайы құрылған мониторингтік топ карантин талаптарын бақылауды жалғастыра бермек.