Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңадан тағайындалған Азия даму банкінің (АДБ) Елдік директоры Нариман Маннапбековті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасын Үкіметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеру аясындағы ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
АДБ өкілі ҚР Президенті жүргізіп отырған елдің қарқынды дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен АДБ-ның денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, шағын және орта бизнесті қолдау және басқа да экономиканың басым секторларындағы ынтымақтастығының әлеуеттерін талқылады.
Кездесу нәтижесі бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара әрекеттесуді жалғастыруға уағдаласты.