• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді

320 рет
көрсетілді

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Парламент Сенатының бюро отырысы Сенатқа түскен заң жобаларын бөлуге және Жоғарғы Соттың судьяларын босату және сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымына, палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдады, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылғы негізгі іс-шараларының жоспарын негізінен мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Парламент Сенатының бюро отырысы Сенатқа түскен заң жобаларын бөлуге және Жоғарғы Соттың судьяларын босату және сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымына, палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдады, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылғы негізгі іс-шараларының жоспарын негізінен мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата комитеттеріне тиі­с­ті заң жобалары бөліп берілген соң, Сенаттың 26 желтоқсандағы кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. Бюро мүшелері, сон­дай-ақ, Парламент Сенатының 2014 жылға арналған негізгі іс-шара­лар жоспарын негізінен мақұл­дады.

Құжатта Президент Н.Ә.На­зарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағы­ты» Жолдауын, сонымен қа­тар, Парламенттің кезекті сес­сиясының ашылуында Мем­ле­кет басшысы белгілеген ба­сым­дықтарды іске асыруға бағыт­талған депутаттардың заң шығару жұмыстары көрініс тапты.

Сенатта жыл ішінде жаңа бюджет саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік, денешынықтыруды дамыту, бұқаралық спорт және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша үкіметтік сағаттар өтеді. Еліміздің жасыл экономикаға көшу мәселелері бойынша парламенттік тыңдау 2014 жылғы ІV тоқсанға жоспарланды.

Сенат комитеттері еліміздің аймақтарында тақырыптық көшпелі отырыстар өткізетін болады. Онда мемлекеттік шекара туралы заңнаманы іске асыру, ин­дустриялық-инновациялық қыз­метті мемлекеттік қолдау, «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдар­ла­масын жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау, бюджет үдерістерін жетілдіру және балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау көзделіп отыр.

Сенаттағы бірқатар дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар аймақтарды газбен қамту, ғылыми-техникалық білім беру жүйесін дамыту, қылмыстық-атқару жүйесінің проблемалары, әкімшілік заңнамасын реформалау, кооперация мәселе­лері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналатын болады.

Сенаторлар орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттары мен оқу орындарының басшыларымен кездесулер өткізеді. Депутаттар тоқсан сайын аймақтарға дәстүрлі сапарға шығады. Жергілікті өкілді органдармен, оның ішінде «Өңір» депутаттық тобы арқылы өзара іс-қимыл жалғасатын болады.

Сенаттың халықаралық шаралары арасында 2014 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысын, Сенат Төрағасы мен депутаттары БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Еуропа Кеңесі, НАТО парламентаралық форумдарының, «Қазақстан Республикасы – Еуропа Одағы» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шараларына қатысатынын атап өту керек. Одан басқа, екіжақты ресми сапарлар, сонымен бірге, шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтары бойынша кездесулер жоспарланды. 

Соңғы жаңалықтар