• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 10 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» спорт кешені сүрілуі мүмкін

809 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда спорт кешені апатты жағдайда тұр.  Елордадағы «Қазақстан» спорт кешені сүрілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазір спорт кешені апатты жағдайда тұрғаны анықталды.

«Бүгінде ғимарат апатты жағдайда тұр. Мәселе оның шатыры мен негізгі конструкциясына қатысты болып тұр. Сондықтан біз жобалық-сметалық құжатты дайындадық. Биыл ғимаратты күрделі жөндеуден өткіземіз немесе сүріп те тастауымыз мүмкін. Бірақ бізге мамандар «ғимараттың қай бөлігін сүру керегін» айтады», деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Алтай Көлгінов спорт кешені сүрілмеген жағдайда күрделі жөндеу жұмысы 2022 жылы аяқталатынын атап өтті.