• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

262 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасын­да­ғы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №1, 1-құжат; 2003 ж., №44, 469-құжат; 2007 ж., №18, 197-құжат; 2008 ж., №23, 212-құжат; 2009 ж., №32, 293-құжат; 2011 ж., №58, 822-құжат; 2012 ж., №68, 977-құжат; 2013 ж., №19, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республика­сын­­дағы кәсіптік және өзге де ме­ре­келердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толық­ты­рылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы

20 желтоқсан. №716

Соңғы жаңалықтар