Кеше Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылордаға жеке шаруаларымен келіп жалдамалы пәтер жалдап тұрған атыраулық өзіне қонаққа келген танысының шкафта ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан 1 200 000 теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Жедел-іздестіру нәтижесінде облыс орталығында тұратын 23 жастағы әйел ұсталды. Күдікті ҚПБ-на жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.