• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әдебиет 10 Ақпан, 2021

Аида Балаева Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды

189 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жыр эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жолдаған жыр эстафетасын қабыл алып, Мұқағали Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» деген өлеңін жатқа оқыды.

Министр жыр эстафетасын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхамедке және белгілі әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.